Іле ауданыңда күндізгі жалпы білім беретін 51 мектеп бар, ондағы оқушылар саны – 66323. Ауданның білім беру мекемелері 11 910 компьютерлік техникамен жабдықталған. 2022 жылы аудан бойынша бір компьютерге оқушы қатынасы – 6 (мұғалімдердің компьютерлерін есептемегенде).
Дегенмен көптеген аудандарда 1 компьютерге келетін оқушы санының жоғары болу себебі – ескі техника санының басымдығы.
Аудан мектептері интернет желісімен 100% қамтамасыз етілген. Олардың ішінде 25 мектеп жоғары жылдамдықты талшықты-оптикалық кабель арқылы интернет желісіне қосылған. жылдамдығы – 40-30 мбит. 2 мектеп радиомост арқылы интернет желісіне қосылған, жылдамдығы – 8 мбит. 23 мектеп «ADSL» мектеп желісіне қосылған, жылдамдығы – 10 мбит.
Оқушылардың толыққанды біліммен қамтылуына жағдай жасау мақсатында жыл сайын модификациялық кабинеттер сатып алынды. 2022 жылы 11 пәндік кабинет сатып алынып орнатылды, нәтижесінде мектептерде жаңа модификациялық кабинеттер саны – 96 жетті. Аудан бойынша физика, химия, биология, STEM пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілген орта мектептердің үлесі 64%.